2024-04-25 19:09:43
21.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Алғашқы жұмыс орны» жобасымен өтінімдер қабылдануда

"Алғашқы жұмыс орны" жобасымен өтінімдер қабылдануда

Үшінші мегаполисте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша өтінімдер қабылдануда. Жаңа жоба Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Жаннат Оспанханованың мәлімдеуінше жаңа бағдарламаға 8 адамнан өтінім түскен.

 «Алғашқы жұмыс орны» жобасының талабы бойынша маманды 2 жылға тұрақты жұмысқа қалдыру жөнінде келісім жасалады. Жұмыс істеген бірінші жылы мемлекет қызметкердің ай сайынғы жалақысына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде субсидия береді. Одан кейінгі 12 айда жалақыны жұмыс беруші төлейді. Бұл ретте жас маманның себепсіз жұмысынан босап қалмауын орталық өз бақылауында ұстайды. Екі жыл ішінде жас маман тәжірибе жинақтап, өзінің еңбек қабілеттілігін көрсетіп, сол мекемеде жұмысқа қалуына мүмкіндігі бар, — дейді Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Жаннат Оспанханова.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғылықты мекенжайда орналасқан қалалық халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінуге болады.

Абай ауданы бойынша Жиделі байсын көшесі, 92 («Бекжан» сауда орталығы, 1 қабат). Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, А.Байтұрсынов көшесі, 201.

Еңбекші ауданы бойынша Күншығыс» ш/а, Жолан батыр көшесі 115/2.

Қаратау ауданы бойынша «Нұрсәт» ш/а, С.Бәйтереков, №89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР