Измирдегі зілзала құрбандарының саны 98 адамға жетті. Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жарақат алған 994 адамның 847-сі ауруханадан жазылып шықты, 147 адам ем қабылдауда. Измирде қираған бес ғимаратта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Еске сала кетсек, 30 қазанда Түркиядағы Измир жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болды.
Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы сондағы қазақстандықтар көмек қажет болса тікелей елшілікке хабарласуы керектігін ескертті.