Шешенстанда ерекше мақсаттағы мобильді жасақ (ОМОН) пен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) арасында атыс болды. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Шешенстандағы Ачхой-Мартан ауылындағы кафе жанында ЕММЖ және ЖҚАЖ қызметкерлері арасында атыс болған. Соның салдарынан екі адам қайтыс болған. Біреуі — Ресей гвардиясының қызметкері болса, екіншісі – азаматтық тұлға. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің саны анықталуда», – дейді агенттікке сұхбат беруші.
Оның айтуынша, атыс себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.