2021-10-17 19:39:39
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Президент Пәкістан премьер-министрімен кездесті

Президент Пәкістан премьер-министрімен кездесті 1

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясынан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Имран Ханмен кездесті. Жүздесу барысында президент екі ел арасындағы қарым-қатынастардың өзара сенімге, достыққа және түсіністікке негізделгенін атап өтті. Бұдан соң тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тығыз қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды. Бұл екі ел арасындағы алыс-берісті жаңа деңгейге көтеруге сеп. Былтыр ресми Нұр-Сұлтан мен Исламабад арасындағы тауар айналым 27 миллион доллардан асқан.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қазақстан мен Пәкістанның қарым-қатынастары өзара сенімге негізделген. Біздің арамызда өзекті проблемалар жоқ. Бірқатар бағытта нәтижелі ынтымақтастық орнаттық. Дегенмен, көлік-транзиттік саладағы кедергілерге байланысты тауар айналымының қарқыны төмен. Осы мәселе мені алаңдатады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу үшін сізді Қазақстанға кез келген уақытта сапармен келуге шақырамын.

ИМРАН ХАН, ПӘКІСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

Мен де сізге Пәкістанға арнайы сапармен келуді ұсынамын. Себебі, арадағы сауда-саттықты молайтудың тиімді жолдарын нақтылап, қандай бағытта жұмысты жетілдіру керектігін айқындап алуымыз қажет деп ойлаймын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР