WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 17 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа келді, деп хабарлайды Citynews.kz тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
GGG Инстаграм желісіндегі парақшасында Лас-Вегас әуежайынан бірнеше фото жариялады. Онда Головкин мен оның командасы жеке ұшақпен Калифорниядан жеткені көрсетілген. Головкин жекпе-жекке дайындығын сол Калифорнияда өткізген болатын. Геннадийдің бауыры Максим ұшақ бортынан суреттер бөлісті.
«Вегастамыз. Жекпе-жек аптасына дайынбыз», – деп жазды Геннадий Головкин.