2024-04-26 09:47:19
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Алматыда биыл 8 мектептің құрылысы басталады

Алматыда биыл 8 мектептің құрылысы басталады

Алматының Медеу ауданында бір жылда 1160 орынға арналған екі мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен мегаполисте пандемияға қарамастан, мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын азайту бойынша кешенді жұмыстар жалғасып жатыр.

2020 жылы 2 мектеп салынды, 2021 жылы 8 мектеп және 17 қосымша құрылыс салынады. Соның арқасында 23 мың оқушы орны құрылады және 2021 жылы оқушы орындарының тапшылығы 73% — ға қысқарады.

Медеу ауданында барлығы 43 жалпы білім беретін мектеп бар. Жалпы контингенті 31 353 болатын 28 мемлекеттік мектеп (29 360 орын) және 15 жекеменшік мектеп (1 993 орын) бар.

«2020 жылы қыркүйек айында «Думан» шағынауданында 850 орындық жаңа мектеп бой көтерді. Сондай-ақ, өткен жылы жеке инвесторлар есебінен келесі мектептер салынып, пайдалануға берілді: «Уәлиханов атындағы мектеп», «Steam», «Үркер», «Poznai-ka мектебі (AMS)», «Ғанибет». Олардың жалпы жобалық қуаттылығы 1160 орынға арналған және 143 тұрақты жұмыс орны құрылды», — деді Ә.Масабаев.

Сонымен қатар, ол 2021 жылы Орманов көшесі (Шығыс айналма жолы) мекенжайы бойынша жеке инвестициялар есебінен 540 орындық заманауи мектеп ашылатынын атап өтті.

«Алатау» шағынауданында орналасқан №7 мектеп ғимаратына сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2021 жылдың шілдесі. Сонымен бірге, №48 мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс арқылы күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021 жыл»,- деді ол.

Сондай-ақ спикер Медеу ауданындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына да тоқталып өтті.

Ауданда 18 бөбекжай және 49 жеке меншік балабақша және 37 шағын орталық бар. Жалпы 5 100 бүлдіршін бар (мемлекеттік балабақшаларда — 2935, жекеменшік балабақшаларда — 2165.)

«№ 114, 116, 141 үш балабақшада ғимаратқа жапсарлас және қосымша құрылыс есебінен әрбір балабақшада жобалық қуаттылықты 50 орынға ұлғайта отырып, күрделі жөндеу бойынша жұмыс жалғасуда. Аяқталу мерзімі-2021 жылдың наурыз айы.2020 жылдың басынан бері ауданда жеке инвесторлар есебінен жалпы жобалық қуаты 250 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды. Биыл 5 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар ашу жоспарланып отыр»- деді спикер.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды ашу жоспарлануда:

  • — Жекеменшік балабақшалар және шағын орталықтар; С.Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайы бойынша High Tech Academy жекеменшік мектебі
  • – Әл-Фараби даңғылы, 30/5 учаскесінде жекеменшік «Балет театрты»;
  • — Алатау ш/а «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік жобасы;
  • — Думан ш/а ашық ауадағы фитнес клуб.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР