2024-04-18 22:59:25
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кезекті жиын өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кезекті жиын өтті
Мақсат  — сыбайлас  жемқорлықтың  алдын алу.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Шымкент қалалық әзербайжан мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында кездесу өтті.
Онлайн шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов қатысты.
Кездесуде Т.Серікбаев департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шаралар, жемқорлықпен күрестегі мемлекеттік органдардың рөлі жайында мәлімет беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістер мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі жаңашылықтарға кеңінен тоқталды.
Өз кезегінде Жани Қамбар Жобалық кеңсе жұмысымен таныстырып, тұрмыстық жемқорлықты жоюда бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығының қызметімен таныстырды.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР