2024-03-29 19:49:47
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «Ashyq» жобасына қосылғысы келетін кәсіпкерлер саны артуда

Шымкентте «Ashyq» жобасына қосылғысы келетін кәсіпкерлер саны артуда

Шымкенттегі бизнес нысандарында үй карантинін бұзған 368 азамат «Ashyq» қосымшасы арқылы анықталды. Оның ішінде 139-ы «Қызыл», қалғаны сары» мәртебесімен тіркелген. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мәлімдеді.

Салаға жауаптылар қазір «Ashyq» жобасына қосылғысы келетін кәсіпкерлердің көбейіп отырғанын айтады. Шымкентте бүгінге дейін кәсіпкерлік нысандардан «Ashyq» қосымшасына тіркелу үшін 6 102 өтінім келіп түскен. Барлығына да QR код беріліпті. Онымен қоса  жеке меншік клиникалар, әуежай, вокзал сияқты әлеуметтік маңызы бар 1 мыңнан аса нысан жобаға ерікті қатысушы ретінде тіркелген. Кәсіпкерлер палатасы басшыларының сөзіне қарағанда қазір санитарлық талаптардың сақтаулын қамтамасыз ететін  жүйеге қосылу бұрынғыдан қиын емес. Осыған дейін қосымшаға тіркелу 2 апта уақытта алған болса, қазір бұл шаруаны айналасы жарты сағаттың ішінде тас-түйін тындыруға болады дейді жауаптылар.

«Ashyq» қосымшасының өз талаптары бар. Жүйе орнатылғандықтан, ол пайдаға асуы тиіс. Яғни, қосымша халық арасында қауіпті инфекцияның жайылып кетпеуін алдын алу қажет. Нысандарға кірген әрбір келуші жүйеге тіркеліп, өз мәртебесін анықтауға міндетті. Мұны нысан иесі, бірінші басшы жіті бақылауы қажет. Жүйені жіті қадағалайтын 21 нысан қожайыны қала бойынша «Ashyq» қосымшасының көшбасшысы танылып отыр.                                                                                          Қаладағы базарларға да «Ashyq» қосымшасы орнатылған. Сауда орталығына келгендер QR код-қа тіркеліп, өз мәртебелерін анықтауда. Базар қожайындары бұл жүйе бізге карантин кезінде алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді дейді.

Айта кетейік, шаһардағы бизнес нысандарында орнатылған қосымшалар арқылы «қызыл», «сары» статуспен тіркелгендерге осыған дейін 1 жарым млн теңгеден астам айыппұл салыныпты. Қазір санитарлық талаптарға қырын қарап, «Ashyq» қосымшасын құнттамаған 54 кәсіпкерлік нысан анықталып отыр. Олардың QR коды 2 аптаға уақытша деактивация жасалды дейді палата өкілдері. Ал жүйе белсенді қолданылған 21 кәсіпкерлік нысаны қосымша 2 сағатқа ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР