2024-04-20 19:03:35
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бірнеше көшеде жол белгілері жаңартылды

Бірнеше көшеде жол белгілері жаңартылды

Шымкент қаласы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Атап айтсақ, жауапты мамандар бірлесіп, Отарбаев көшесінде 5.19 (автобустар тоқтайтын орын),  Бадамская 2.4 (жылдамдықты шектеу), Байтұрсынов  көшелерінде 5.8.1 (басып озуға тыйым салынған) жол белгілерін қалпына келтірді.

Сондай-ақ Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ағымдағы жылы қалада 9 бағдаршам орнатты. Оның 5-і қауіпсіз жол қозғалысын сақтау мақсатында жаяу жүргіншілер үшін және көлік құралдары ағының ескере отырып, көшелер қиылысына орнатылды. Бұл ретте, қазіргі кезде Темірлан тас жолы Мешіт аялдамасы, Бәйдібек би даңғылы «Екі жұлдыз» аялдамасы, Ынтымақ 2 ш/а Түркістан—Шымкент тас жолы (М-32) «Gold Aluminium» ЖШС аялдамасы маңына қойылды. Сонымен бірге, Темірлан тас жолы «Sinooil» жанармай бекеті алдына, Қапал батыр мен арнайы экономикалық аймаққа барар көшелер қиылыстарында да бағдаршамдар орнатылған.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер көп жүретін Жібек жолы көшесі, Айна базар алдына, Назарбаев даңғылы А.Юсупова атындағы гимнастикалық мектеп алдына, Асар ш/а 42-43 үйлер маңына, Мәделі қожа көшесі ХҚКО алдына белсенді жаяу жүргіншілер бағдаршамы бар. Айта кетейік, осы жылдың басынан 300-ден аса қауіпсіздік жол белгілері тиісті шарттарға сәйкес орнатылған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР