2024-09-20 03:39:15
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай ауданында өнерлі жасөспірім оқушылар марапатталды

Жетісай ауданында өнерлі жасөспірім оқушылар марапатталды

2023 жылдың 18 мамыр күні  Жетісай ауданының мәдениет үйінде 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, Жетісай  ауданында 2021 жылдан  бастап «Арт спорт»бірегей жобасы аясында өз жұмыстарын бастаған «Жетісай» өнер шығармашылық орталығы, «Нұр-Saule» классикалық  өнер  мектебі  және  «Талант Star» өнер  орталықтарының жасөспірім оқушыларының шығармашылық өнерлері тамашаланды.

Мәдени іс шара барысында Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  басшысы Сейдалиев Еркебұлан Құттыбайұлы облыстық, республикалық  байқауларда жүлделі орын алған дарынды  оқушыларды және орталықтардың директорларын құттықтап арнайы дайындалған алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ бөлім басшысы Е. Сейдалиев Түркия және  Италия  елдеріне  өнер көрсетуге  жолдама  алған  өнерлі  оқушыларға  сәттілік  тіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР