2024-09-19 21:23:06
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жетісай ауданы жеңімпаз атанды

Жетісай ауданы жеңімпаз атанды

Дана халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деген ұлағатты сөзді текке айтпаған. Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі болып саналады. Еліміздегі үлгілі отбасыларды анықтау, ұлттық салт-дәстүріміз бен отбасы құндылықтарын насихаттау, Отаншыл әрі ізгі ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету мақсатында Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Махаббат эстафетасы» жас отбасылар байқауы өтті.

Қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған жас отбасылар сайысына Түркістан облысының 17 аудан, қаласынан іріктелген үздік жас отбасылары қатысты. Облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен үздік отбасылар жүзден жүйрік шығып жүлделі орындармен марапатталды.

Сайыс нәтижесі бойынша:

  • I орын — Жетісай ауданы Өтепбергеновтер отбасы;
  • II орын — Сарыағаш ауданы Ундирбековтар отбасы;
  • Түлкібас ауданы Орынбасаровтар отбасы;
  • III орын — Түркістан қаласы Оразбековтар отбасы;
  • Отырар ауданы Толешовтар отбасы иеленді.

Отбасындағы сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған  отбасы Төлеби ауданы Ескуловтар отбасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Мемлекеттің тірегі, берік іргесі саналатын отбасы байлығы ортаймасын. Жеңімпаз отбасыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР