2026-06-26 11:56:33
34.1 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұтынылған газ көрсеткішін Egov mobile арқылы жіберуге болады

eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегішінің көрсеткіштерін онлайн жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис бақылаушыны күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді.

Бұған дейін газ көрсеткішін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді.

Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштің жасанды интеллект арқылы автоматты тексерілуі. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі қателікті болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және бақылаушы тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады.

Көрсеткіштер әр айдың 25-інен айдың 5-іне дейін қабылданады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР