2024-07-27 08:52:11
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Волейболдан жасөспірімдер арасында облыс чемпионатының жалауы түрілді

Волейболдан жасөспірімдер арасында облыс чемпионатының жалауы түрілді

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Иқан ауылында волейболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге аудан, қалалардан мықты деп іріктелген 13 команда, 150 спортшы келген. Бұл облыс чемпионатында Сарыағаш ауданының Хансұлтан Қанбатыр бастаған жігіттері жігерлік танытуда. Олар ойын өрнектерімен дараланып, шеберліктерімен көзге түсуде.

Аламанға келген командалар тартысты ойындар өткізіп, бас жүлдеден үмітті екендіктерін көрсетуде. Олай дейтін себебіміз бүгінде облыс көлемінде волейбол спорты жастар арасында қарқынды дамуда. Бұл туралы волейболдан аға жаттықтырушы Иса Раймханов айтып өтті. Бұрынғы чемпионаттарда жүлделі орындарға таласатын 2-3 команда болса, қазіргі таңда командалар саны 7-8-ге жеткен.

Тартысты волейбол бәсекесінің салтанатты ашылу рәмінде сөз алған Сауран ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары спорт бөлімінің бас маманы Ахан Есалиев жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, барша командаға сәттілік тіледі.

Айтулы спорттық сайыстың негізгі мақсаты Ел чемпионатына облыс құрамасын жасақтау болып табылады. Волейболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты қазанның 30-ы мен қарашаның 6-ы аралығында Өскемен қаласында өтеді деп күтілуде.

Естеріңізге саламыз, жасөспірімдер арасындағы волейболдан облыс чемпионатын Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР