Қытай елінде фармацевтика өнеркәсібінің, білім берудің және қолдану аясының ынтымақтастығы мен интеграциясына арналған II Халықаралық конференциясы өтті. Ғылыми жиын Қытай фармацевтикалық университетінің бастамасымен «Бір белдеу — бір жол» тақырыбы аясында ұйымдастырылған.
16-18 мамыр күндері өткен конференцияға Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессорлары – Жанат Тоқсанбаева, Клара Шертаева және Қ. А. Ясауи атынағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы Балнұр Омарова сынды ғалымдар қатысты.
Конференция — фармацевтика саласындағы ынтымақтастық үшін «Бір белдеу — бір жол» Альянсын (Belt and Road International Pharmacy Conference BRI PC) құруды көздейді. Басты мақсаты – фармацевтика өнеркәсібінде, білім беруде және BRI серіктестері арасындағы қолдану саласында стратегиялық өзара іс-қимыл мен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету.
Түркістан облысының Өңірлік коммуниңациялар қызметі