2024-03-04 12:28:05
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Облыстық «1000 кітап – 1000 өлең» марафоны қорытындыланды

Түркістан: Облыстық «1000 кітап – 1000 өлең» марафоны қорытындыланды

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы жас ұрпақты кітап оқуға баулу үшін облыстағы барлық балаға қызмет көрсететін кітапханашыларға арнап  «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы аясында «1000 кітап – 1000 өлең» атты облыстық кітап оқу марафонын қолға алған болатын.

Жыл басынан бастау алған кітап оқу марафонының І және ІІ кезеңі бойынша қорытынды шығарып, белсене қатысқандар арнайы дипломмен және сертификаттармен марапатталды.

Бас жүлдені Мақтаарал аудандық балалар кітапханасы, І орынды Бәйдібек аудандық балалар кітапханасы, ІІ орынды Қазығұрт аудандық балалар кітапханасы, ІІІ орынды Шардара аудандық балалар кітапханасы мен Кентау қалалық балалар кітапханасы иеленді. Сонымен қатар үздік эссе жазғандар да марапатталды. Бас жүлде Фаягель Ахлиуковаға, І орын Мейрамкул Алмуратоваға, ІІ орын Нұрбала Андакулова  мен Айгүл Тасполтаеваға, ІІІ орын Нұргүл Әлмахан мен Нұргүл Қарқабатоваға бұйырды.

Жеңімпаздарға арнайы диплом мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, бұл тек І-ІІ кезеңнің қорытындысы. Алдағы уақытта марафонның ІІІ кезеңі бар.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР