2024-07-27 13:48:53
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Түркістан дауысының» қатысушылары арасында жеребе тасталды

«Түркістан дауысының» қатысушылары арасында жеребе тасталды

Бүгін рухани астананың «Ұлы дала елі» орталығында республикалық «Түркістан дауысы — 2023» жас орындаушылар байқауының жеребе тастау рәсімі өтті.  Еліміздің әр өңірінен келген байқау қатысушылары кезекпен өз нөмірін таңдап алды.  Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістанда биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған ән додасында еліміздің  барлық өңірінен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар, басқа республикалық, ұлттық ән байқауларында жетістікке жеткен 16 үміткер бақ сынайды.

Байқау шартына сәйкес, қатысушы екі музыкалық шығарманы орындайды: біріншісі Қазақстанның танымал композиторларының әні, екіншісі өз таңдауы бойынша орындайды.Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастырған байқау ертең сағат 19:00-де «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде басталады. Кеш қонақтары – Мейрамбек Беспаев, Мадина Сәдуақасова, Дастан Оразбеков және Мархаба Сәби.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР