2024-07-27 07:27:38
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Республикалық «Шахмат керуені» Түркістан қаласына келді

Республикалық «Шахмат керуені» Түркістан қаласына келді

Бүгін Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенісінің алдында республикалық «Шахмат керуені» жобасының ашылу салтанаты өтті. Бұл спорттық іс-шараны Қазақстан шахмат федерациясы өңірлердегі жастардың зияткерлігін дамыту мақсатында ұйымдастыруда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде шахматты дамыту тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында киелі Түркістанда республикамыз бойынша «Шахмет керуені» жобасы жалғасуда. Еске сала кетсек бұл маңызы бар жоба Көкшетаудан бастау алған болатын. Бүгін түркістандықтар өңірлер бойынша 12 -ші болып жеткен керуенді Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдынан қарсы алып, даналардың ойыны саналатын шахмат спортынан аса тартысты жарысқа күә болды.

Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов жиынға арнайы қатысып, зияткерлікті жаңғыртуда бұл спорттың маңызды екендігін айта өтті. Өңірімізде жергілікті жастар арасында адамның ақыл ойын дамытатын спорт түрі әлемдік  деңгейде өркендейтінін жеткізді. Жиында Қазақстан шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылып, оны Еркеғали Әлімқұлов басқаратын болды. Айта өтерлігі, бұл жоба еліміздің барлық өңірінде жалғасатын болады. Шахмат додасына облыстан 20 спортшы өзара бақ сынасты. Топ жарған үш жеңімпаз ақтық сынға жолдама алады. Осыдан біраз уақыт бұрын еліміздегі Қазақстан шахмат федерациясы барлық өңірлерде интеллектуальді спорт түрін жаңарту мақсатында осы жобаны қолға алған болатын.

Енді ақтық бәсеке ойындары 10 қараша күні қасиетті Түркістан қаласында өтетін болады. Шахматшылар керуені бұдан соң Қызылорда, Ақтөбе  және Батыс Қазақстан облыстарына барады деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР