2024-07-27 12:49:32
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Біріншілік ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Біріншілік ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Маусым айында басталған қалалық біріншілік ойындарының жүлдегерлері марапатталды.

Салтанатты жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Кузембаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, мәслихат депуттары Ғалымжан Худияров, Нұрсұлтан Үмбетұлы қатысты.

Шара ашылуында алғы сөз алған Ерлан Бақытжанұлы: Қалада бұқаралық спортты дамытудың түрлі дүбірлі додалар ұйымдастырылды. Соның бір көрінісі біріншілік ойындарына үш жүзден аса тұрғынның белсене қатысқаны. Алдағы уақытта бұндай додалар жүйелі ұйымдастырылады.» деді.

Келесі болып Ғаппар Амантайұлы қатысушыларды жүлдесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Жиын барысы біріншілік жеңімпаздарына қала әкімінің марапатын табыстаумен жалғасты.

Айта кетейік, Түркістан облысының 5 жылдық мерекесіне орай, сондай-ақ балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған футболдан бірінішілік ойындары 23-маусымда басталған болатын. Одан бөлек, 27-шілде мен 25-тамыз аралығында халықарасында кең тараған ойын түрлерінен ашық алаң жарыстары өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР