2024-03-28 20:15:21
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

I-shymkent порталы арқылы он үш мыңнан астам тұрғын цифрлық сауаттылық алады

I-shymkent порталы арқылы он үш мыңнан астам тұрғын цифрлық сауаттылық алады

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысымен 24 779 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Туғанбайдың айтуынша, бекітілген көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылы 13 000-нан астам қала тұрғыны оқудан өтеді.

Оқу курстары қазіргі таңда қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған i-shymkent.kz порталында қол жетімді. Оқу «Базалық дағдылар», «Е-коммерция», «Ашық үкімет» порталы, «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» вэб-порталдары, «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» сынды бірқатар бағыттардан тұрады.

Аталған оқу бағдарламасы тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, цифрлық заманда электрондық қызметтерді үйден шықпай-ақ, өз бетінше алуға дағдылану және алаяқтықтан сақ болуды мақсат еткен.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында IT мамандық бойынша оқытатын 2 жоғары оқу орны және 1 орта білім беру мекемесі бар. Оның ішінде, жоғары біліктілігімен ерекшеленетін М.Әуезов атындағы ОҚМ университеті және жоғары жаңа технологиялар колледжі.

Сондай-ақ, биыл ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында жаңа 427 жұмыс орнын ашу көзделуде. Атап айтқанда, интернет желісін жүргізетін компаниялар, инновациялық өнеркәсіп және бейнебақылау камераларын орнататын компаниялар жаңа жұмыс орындарын ұсынбақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР