2024-04-26 04:40:09
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Clubhouse қолданушыларының жеке дерегі желіге тарап кетті

Clubhouse қолданушыларының жеке дерегі желіге тарап кетті

1,3 миллион Clubhouse қолданушысының жеке деректері Желіде тарап кетті,-деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Facebook және LinkedIn қосымшасының миллиардтаған қолданушысының Желіде сатылымға шыққаннан кейін кезек Clubhouse-қа келген — SQL мәліметтер базасындағы жалпы саны 1,3 миллион қолданушының мәліметі хакерлік форумдарда пайда болған.

Clubhouse қолданушыларының жеке дерегі желіге тарап кетті

Мәліметтер базасында Clubhouse қолданушыларының келесі деректері бар:

Қолданушының ID-ы, есімі,

Сурет URL-і,

Twitter-парақшасы,

Instagram-парақшасы,

оқырмандар саны,

қолданушы жазылған адам саны,

аккаунт пайда болған күн.

Портал мәліметінше, Желіде тараған ақпараттарда кредит картасы деген секілді мәліметтер жоқ, алайда хакерлер шабуыл жасаған кезде қолдануы мүмкін мәлімет көп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР