2024-04-20 01:42:24
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тоқаевтың Республикалық штабы ШҚО жұртшылығымен кездесті

Тоқаевтың Республикалық штабы ШҚО жұртшылығымен кездесті

Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.

Штаб өкілдері өңірге сапар барысында облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, сондай-ақ жас ІТ-мамандармен кездесті. Штаб мүшелері үміткердің сайлау алдындағы бағдарламасына тоқталып, ондағы цифрландыру саласына қатысты басымдықтарға назар аударды.

Сонымен қатар, республикалық қоғамдық штаб өкілдері бизнес саласындағы жергілікті сарапшылармен және кәсіпкерлермен бірге осы бағыттағы бюрократиялық қысымды төмендету шараларын талқылады.

Одан бөлек, РҚШ мүшелері «Силумин-Восток» ЖШС өндірістік-инжинирингтік компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшы құқығы күшті кәсіподақтар мен қатаң мемлекеттік қадағалау арқылы қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасын құру туралы сайлауалды бастама кеңінен сөз болды.

Ал, көпбалалы аналармен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлау алдындағы бағдарламаның әлеуметтік бағытына жан-жақты тоқталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР