2024-04-19 12:17:43
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте бір әулеттің төрт ұрпағы өз таңдауларын жасады

Шымкентте бір әулеттің төрт ұрпағы өз таңдауларын жасады

Шымшаһар тұрғындары өз таңдауларын жасауда белсенділік танытуда. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде орналасқан №98 сайлау учаскесінде бір әулеттің 4 бірдей ұрпағы өз таңдауын жасады.

90 жастағы кейуана сайлау учаскесіне дауыс беру үшін ұлы, келіні, немерелері және шөберелерін ертіп келді.

Өмірге 5 перзент әкелген қарт ана саналы ғұмырында ұстаздық етіп, бала тәрбиесімен айналысқан. Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап елдегі барлық сайлауларға қатысқан қарт ана бұл сайлаудың ұрпағының болашағы үшін жасалынғанын айтты. Немерелері мен шөберелерінің бай-қуатты елде тұруы, олардың өмірлерінің жақсы болуы ниетте дауыс бергенін жеткізді.

Сондай-ақ еліміздің тыныш, жастарымыздың бақытты, шаттықта өмір сүрулерін тілеген қарт ана ақ тілегін білдірді.

Сайлау учаскесінде таңғы сағат 7:00 ден бері тұрғындар өз таңдауларын жасаған, олардың ішінде 18 жасқа толып алғаш дауыс беру құқығына ие болған жастардан бастап қарияларға дейін толассыз келуде.

Сайлау учаскесі ең алғаш дауыс беруші тұрғындарға арнайы сыйлықтар табыстаған.

Айта кетейік, №65 мектеп-гимназиясы ғимаратында орналасқан №146 сайлау учаскесіне «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Аубакировтар әулеті дауыс беруге келді. Байланысшылар династиясы атанып кеткен Аубакировтар отбасы жуырда Шымқалада өткен «Еңбек жолы» байқауында жеңімпаз атанған болатын.

Ата, бала, немере. Бір әулеттен шыққан аталы-немерелі байланысшылардың еңбек өтілі ғасырға жуық уақытты құрап отыр.

–Байланыс саласында 35  жылдан астам еңбек еттім. Елімізде болып жатқан әрбір маңызды шараларға атсалысып, азаматтық міндетімді орындап келемін. Осындай тарихи сәттегі науқанда отбасымызбен бірге келіп, дауыс бердік. Балаларым, немерелерім – бәріміз өз таңдауымызды жасадық, – деді Үсенхан Жақыпұлы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР