2021-10-17 06:38:38
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Нұротандық үміткерлер дүкен аралап, бағдарламаны түсіндірді

Түркістан: Нұротандық үміткерлер дүкен аралап, бағдарламаны түсіндірді 1

Биылғы сайалау науқанында «Nur Otan» партиясы үміткерлерінің қарқыны өте қатты. Алдымен праймеризден өтіп, одан кейін Қазақстанның барлық дерлік елді мекендерін аралап, халықпен кездесіп жүр. Олардың ұсыныс, тілектерін тыңдап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірген нұротандық үміткерлер демалыс күндері де аттан түскен жоқ.

«Nur Otan” партиясының атынан Түркістан облыстық маслихат депутаттығына үміткер Мағауиа Тұрысбеков Созақ ауданы, Шолаққорғн  ауылында орналасқан “Арай» сауда орталығына ойламаған жерден кіріп келіп,  сатушылармен және сауда жасап жүрген тұтынушылармен   экспромпт-кездесу өткізді.

Депутатқа ауылдастарының айтары да бар екен. Біраз мәселелер туралы ой қозғап, сұрақ қойды. Тұрғындарды мұқият тыңдаған Мағауиа Тұрысбеков оларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

«Елбасы партияны қайта жаңғырту міндетін жүктеді. Біз халықпен кездесуге, олардың өтініштерін тыңдауға әрқашан дайынбыз. «Nur Otan» партиясы еліміздегі барлық аудан, қалалар бойынша жалпы 216 сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Онда сол өңірлердегі ең өзекті мәселелер қамтылған. Түркістан облысы бойынша да зерттелген, халыққа пайдалы жоспарлар бар», – деді үміткер.

Тұрғындар жетекші партияның елмен тығыз байланыс орнатудағы қадамдарын оң бағалап, тілектес екендерін жеткізді. Ал сіз жеңімпаздар қатарында болғыңыз келе ме? Ендеше, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР