2024-04-23 22:31:28
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан–Мақтаарал: Үміткерлер киіз үй шеберімен кездесті

Түркістан–Мақтаарал: Үміткерлер киіз үй шеберімен кездесті

Түркістан облысы мәслихатының депутаттығына үміткер Темір Қырықбаев пен Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында Достық ауылдық округіне қарасты Бескетік елді мекенінде орналасқан Көпжан Торпиевтің өндірістік цехында болды.

2011 жылы негізі қаланған цех қазақы киіз үй, ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады.

Бүгінде 12 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер жылына 100 дана киіз үйді барлық жабдықтарымен жасауға қауқарлы, бағасы да жергілікті тұрғындарға қолжетімді. Өнімін Қазақстанның барлық аумақтарына тарататын шебер киіз үйді көлеміне қарай тапсырысқа қарай ағаштан да, темірден де жасайды.

«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес кандидаттар қолөеер шеберіне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі басымдықтарына тоқталды. Жүздесу барысында кандидаттар қолөнер шеберімен біргелікте жүріп киіз үйдің керегесін тұрғызып, уықтарын қадап көрді.

Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыра отырып, отбасы рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуге, ауданының тумалары мен мұраларын танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыруға, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізуге үлкен күш салатындығын айтқан үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін сайлауда партияға қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық
филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР