2024-04-26 07:21:50
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан–Мақтаарал: Ұлтаралық татулық пен ынтымақты сақтауды партия қатаң бақылайды

Түркістан–Мақтаарал: Ұлтаралық татулық пен ынтымақты сақтауды партия қатаң бақылайды

Бүгінде Мақтаарал ауданында 5 мәдени орталықтар жұмыс жүргізіп отыр. Онда әрбір ұлттың өкілдеріне өздерінің тарихы мен мәдениеті, ана тілдері мен салт-дәстүрлерін дамытуда, келешек ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда кеңінен жағдайлар жасалған. Аудандық және облыстық мәдени, қоғамдық істерде де өзге ұлт өкілдерінің алар орыны ерекше.

Міне, осындай белсенділікті ескере отырып Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Қалмырза Бейсенбаев, Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев ZOOM платформасы арқылы аудандағы өзге ұлт өкілдерімен тілдесті.

«Nur Otan» партиясының жүйелік кестесіне сәйкес өткен онлайн жүздесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Партияның алдағы атқарар жұмыстарының негізгі бағыт-бағдарынан құлағдар етті.

«Халықтардың ұлттық мәдениеті мен тілдерін дамыту мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының Жарлығымен 1995-жылы Қазақстан халқының ассамблеясы құрылды. Сол күннен бері елімізді мекен еткен әрбір ұлт пен ұлыстарға барлық жағдай жасалынып келеді» деген кандидаттар 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.

Қазақстандық мәдени-этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылатынын негізге алған партия төрағасы 2025 жылға дейінгі жүзеге асырылуы тиіс партияның сайлауалды бағдарламасында ұлтаралық татулық пен келісім мәселесін де назардан тыс қалдырмаған.

Кандидаттар кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлерді жазып алып, сұрақтарға жауап берді.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық
филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР