2024-04-19 20:41:25
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан-Мақтаарал: Тұрғындар тарапынан қолдау білдірілді

Түркістан-Мақтаарал: Тұрғындар тарапынан қолдау білдірілді«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Тұрсынхан Ақылбеков, Меруерт Даубаева мен Ақмарал Телходжаева Мырзакент кентіндегі «Бақтияр» сауда орталығында «ЭКСПРОМТ» кездесу өткізді.

Үміткерлер барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып дүкен сатушылары мен алушыларына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдық берілген бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстардың барысын түсіндірді.

Тәуелсіздік жылдарында партияның бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен ықпал етілген салаларда қол жеткізілген жетістіктер дәріптеліп, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері үлгі етілді.

Елдегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу, ұлтаралық татулық мәселелері қозғалып, партияның бағдарламасы жазылған кітапшалар мен үнпарақшалар таратылды. Кент тұрғындарын алдағы сайлауда партияға қолдау білдіріп, дұрыс таңдау жасауға, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР