2024-04-26 11:24:42
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан–Мақтаарал: Экспромт кездесулер қарқынды жүргізілуде

Түркістан–Мақтаарал: Экспромт кездесулер қарқынды жүргізілуде

Еліміздің бірлігі мен бейбіт өмір сүруі – бірінші кезекте әлеуметінің әлеуеті әсерлі әрекеттерде екендігінде. Бүгінде Қазақстанның абыройы мен беделінің уақыт өткен сайын артуы, өсуі жайдан-жай айтыла салған сөз емес. Жайдан-жай бола салған жоқ.

«Nur Otan» партиясының жиындарында айтылған әрбір сөз, алға қойылған әрбір жоспар – тағы бір рет әлеуметтің әлеуетін нақты істер арқылы жүзеге асырудың жарқын бір көрінісі десек, артық айтқандық емес. Бір қолдың бес саусағын бірінен соң бірін бүгіп санап, олардың әрбірінің атын атап, түсін түстесек, қоғамымызға, оның адамдарына деген шынайы қамқорлықты бағамдай аламыз.

Түркістан–Мақтаарал: Экспромт кездесулер қарқынды жүргізілуде

2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға да «Nur Otan» партиясы үлкен дайындықпен кірісіп отыр. Қоғамдағы сан саладағы қолбайлау болған мәселелерді өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізіп, арнайы 7 басымдыққа бөлген. Ондағы қамтылған мәселелер алдағы 5 жылда толықтай жүзеге асатын болады.

Міне, осындай бастамаларды жергілікті жерлерде тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева мен Ақмарал Телходжаева, Айгерім Қалыбекова мен Жомарт Датқаев Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінде экспромт кездесулер өткізді.
Көшеде кездескен ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, партияның сайлауалды бағдарламалары жазылған кітапшалар мен үнпарақшалар таратты.

10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытып, партияға қолдау білдіруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық
филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР