2024-04-20 16:33:10
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан–Мақтаарал: Аудандағы 8 мыңнан астам ардагер «Nur Otan»-ды қолдайды

Түркістан–Мақтаарал: Аудандағы 8 мыңнан астам ардагер «Nur Otan»-ды қолдайды

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарының сайлауына да санаулы күндер қалды. Осыған байланысты үгіт-насихат жұмыстары да қыза түскен.

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес Мырзакент кентінің тұрғыны, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Сейітбек Оңғаровтың шаңырағында болды. «КАНВАССИНГ» шарасы аясында өткен жүздесуде үміткерлермен ел ағасы ашық сұхбат құрып, тәуелсіз Қазақстанның кешегісі мен бүгінін таразылап, қол жеткізген жетістіктерін дәріптеді. Болашағына бағдар жасады.

Саналы ғұмырын елдің, туған жердің түрленуіне сарп еткен Сейітбек ақсақал бұқара мен биліктің ортасындағы дәнекерге айналып отырған «Nur Otan» партиясының, партияға қолдау білдіріп келе жатқан қазақстандықтардың болашағының жарқын екеніне сенімді. Өйткені, зейнеткерлікке шықса да қоғамдық көпшілік істерден қалыс қалмайтын ардагерлер елдегі болып жатқан оң өзгерістерді көздерімен көріп те, БАҚ беттерінен оқып та жүр. 2025 жылға дейінгі жасалған партияның сайлауалды бағдарламасында да қамтылмаған сала жоқ.

Құрылған күнінен бастап халықтың қамы үшін еңбек етіп, сенімімен жігерленіп келе жатқан партияға қолдау білдіру мақсатында ардагерлер арасынан Сейітбек ақсақалдың бастамасымен еріктілер тобы құрылып, өзара түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде, аудандағы 2 ҰОС ардагері, 428 тыл ардагерлері мен 7800 еңбек ардагерлері 10 қаңтар күні бірауыздан «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге бел буып отыр.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық
филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР