2024-04-26 16:52:20
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан–Мақтаарал: Ауданда ұлттық спорт түрлері дамитын болады

Түркістан–Мақтаарал: Ауданда ұлттық спорт түрлері дамитын болады

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттынына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев, аудандық штаб төрағасы Досым Асабаев бүгін Иіржар ауылдық округінің көкпаршыларымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ондағы 7 басымдыққа тоқталды. Шабандоздармен тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сұрақтарына жауап берді.

Шабандоздар тарапынан айтылған ұсыныс – сонау ықлым заманнан бері қазақтың қанына сіңіп, дәстүрімен біте қайнасып келе жатқан, заман талабына сай түрленіп, толыса түскен ұлттық ат спортын дамыту, жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау мәселелері болды. Өскелең ұрпақтың арасында тақымы мықты, білекті де жүректі жігіттерді тәрбиелеу керектігі айтылды.

Шабандоздар мен атбегілердің ұсыныстарын тыңдаған үміткерлер айтылған мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында қаралғандығын жеткізді.

Түркістан–Мақтаарал: Ауданда ұлттық спорт түрлері дамитын болады

Бағдарлама аясында алдағы 5 жылда «Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыра отырып, отбасы рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін түрлі акциялар, спорттық іс-шаралар өткізуді, сонымен қатар, ауданының тумалары мен мұраларын танымал ету жөніндегі жобаларды іске асыруды,  ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шараларды кең ауқымда өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл шаралардың қатарында көкпар, аударыспақ, теңге ілу және қыз қуу сынды ұлттық спорттық ойындардың да бар екенін айтқан үміткерлер 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауында «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды. Шабандоздар қолдау көрсететіндігін айтып, аттылар шеруін өткізді.

«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық
филиалының Сайлау қорынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР