2024-04-26 16:47:44
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан-Бәйдібек үміткерлердің үгіт-насихаты жалғасуда

Түркістан-Бәйдібек үміткерлердің үгіт-насихаты жалғасуда“NUR OTAN” партиясынан түскен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлы, Шардарбекова Гүлдария Әбілдабекқызы, Елеусіз Алмас Байзақұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қызу жалғастыруда. Кездесу Шаян ауылында қариясы бар елдің, қазынасы бар демекші ауданымыздың қазыналы аталарымызбен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды.

Қарияларымыздың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен, басқа да шешуін таппай жатқан түйіткілді мәселелерімен танысып, ұсыныс-тілектерін тыңдап, тізімін жасады. Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешімін табуына ықпалын тигізетіндерін айтты. Кездесу соңында қария аталарымыз толық, бірауыздан “NUR Otan” партиясын қолдап, дауыс беруге  уәде берді.

Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету – денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

— халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;
— демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;

— 2025 жылға дейін аудандағы күнкөріс деңгейі төмен халықтың үлесін 25,3%-ға дейін төмендетуге ықпал етуге уәде берді.

«Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы Сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың тұрақты болашағын таңдайсыз!

«Nur Otan» партиясы Бәйдібек ауданы
Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР