2024-03-29 19:06:35
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Партия белсенділері бас қосты

Партия белсенділері бас қосты

Бүгінде қазақстандықтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтетіні анық. Партия арқылы көп мәселелер өз шешімін тауып жатады. Соның ішінде мақсаты мен мүддесі бір «Nur Otan» партиясы сындарлы ұсыныстарды қолдауға және өзара тиімді ынтымақтастыққа бастайтын бірден бір ұйым.

Дамудың жеті басымдықтары бойынша, яғни экономиканы көтеру, жағдайды ыңғайластыру, әлеуметтік қызметке бағдарлау, жастарға қолдау таныту, тарих, мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар қалыптастыру, қауіпсіз аймақ жасау сияқты сайлауалды бағдарламаларын негізге алып жұмыс жасап келеді. Бүгінгі жиында осындай басымдықтар төңірегінде әңгімелер қозғалды.

Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков жүргізіп отырды. Жиынға облыстық мәслихаттың депутаты Шәріпбек Жамалбеков қатысып, сөз сөйлеп, партияның атқарып отырған жұмыстарына, абырой мен беделіне тоқталды. Партия арқылы көп мәселелердің шешімін тапқанын тілге тиек етті.

Бәйдібек ауданынан бүгінде 26 үміткер «Nur Otan» партиясы арқылы дауысқа түсуде. Үміткер Ғабиден Қапалбаев облыстық мәслихат депутаттығына бағын сынауда.

Жиында сөз алған Қазақстанның Құрметті журналисі Серікбай Тұржанмен аудандық мәслихаттың депутаты Бағдат Қалаубай және «Algabas» газетінің бас редакторы, депутаттыққа үміткер, «Nur Otan» партиясының мүшесі Абзал Әділбеков Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған «Nur Otan» партиясы жайында, партияны жақтап сөз сөйледі.

«Nur Otan» партиясы Бәйдібек ауданы
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР