2024-04-26 06:13:25
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Nur Otan» партия бұл — біз таңдаған

«Nur Otan» партия бұл - біз таңдаған«Nur Otan» дегенде әркім білу керек,
Назарбаев негізін қалағанын.
Сеніміне ие болды — бұл Партия,
Болашағын ойлаған бар адамның.

Елбасы салып берген сара жолды,
Тоқаев одан әрі жалғағанын,
Көзім көріп, көңілім сенгеннен соң,
«Nur Otan» болды менің таңдағаным.

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» деп,
Жолдауын Елбасының бағаладым.
Дара жол, даңғыл жолдан қиыс кетсең,
Еңбегіңді ертеңдер бағалар кім?

Қысылсаң қиын сәттен алып шығар,
«Nur Otan» жүрген жолды сараладым.
Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу болар,
Білемін, Партияда жоба барын.

«Nur Otan» мен Нұрсұлтан егіз ұғым,
Биіктен көрінеді, асқақ атың.
Партия күші — Бірлікте, Ынтымақта,
Ізбасарың — «Jas Otan», «Жас қанатың».

«Бір мақсат, бір мүдде мен бір болашақ»,
Осы ойды, елден ерек, дараладым.
Халқыңды бастай бергін, биік шыңға,
«Nur Otan» жасай берсін, бар — арманым.

Абзал ӘДІЛБЕКОВ.


«Nur Otan» партиясы Бәйдібек ауданы
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР