Президент жанындағы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңарту туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, комиссияның жаңа құрамы бекітілді. Атап айтқанда, комиссия төрағасы болып «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай тағайындалды.

Ал комиссия төрағасының орынбасарлары болып Құрылтай депутаты, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева және кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова бекітілді.

Комиссия хатшысы қызметін гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы Гаухар Нұрахметова атқарады.

Жаңартылған құрамға депутаттар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, журналистер, дәрігерлер, психологтер, сарапшылар мен білім беру ұйымдарының өкілдері енді. Олардың қатарында Зүлфия Байсақова, Ләззат Қалтаева, Айгүл Мүкей, Анар Фазылжан, Жұлдызай Ысқақова және басқа да азаматтар бар.

Толық тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады.

Жарлық 2026 жылғы 24 қарашада қабылданды және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар