2024-06-16 11:37:42
31.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Үкіметте G4 City жобасын жүзеге асыру тетіктері талқыланды

Үкіметте G4 City жобасын жүзеге асыру тетіктері талқыланды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «G4 City» жобасын одан әрі іске асыру мәселелері қаралды. Кеңеске мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдері қатысты.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Тойымбек G4 City жобасы үшін қызметтің қажетті салалардағы қатынастарды реттейтін өзіндік актілердің белгілі бір санын әзірлеу қажет болатынын айтты. Бұл ретте жоспарлау сатысында G4 City актілерімен реттелетін салаларды алдын ала анықтау маңызды. Қалғандары ҚР заңнамасымен реттеледі.

Сондай-ақ Н. Тойымбек Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган белгілеген және бөлетін квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсаттар негізінде жұмыс берушілер тартатынын атап өтті.  ШЖК-ны тарту мәселелерін реттейтін негізгі нормалар «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңдарында қарастырылған. Бұл ретте жекелеген рәсімдер заңға тәуелді бірқатар актімен реттеледі.

G4 City жобасының негізгі мақсаты – қоғамның әлеуметтік құрылымын сапалы өзгерту, дені сау, белсенді, білімді азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұл ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттыру,  елдегі демографиялық жағдайды жақсарту, адами капиталды дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ еліміздің серпінді дамуына жағдай жасау.

G4 City қаласы Жаңа Жібек жолының бойында орналасқан жаңа экономикалық және жаһандық туристік орталыққа айналады деп күтілуде. Дамудың ауқымды перспективаларын ескере отырып, G4 City 2,2 млн-нан астам тұрғыны бар интеграцияланған қала ретінде дамып, G4 City 2050 жылға қарай 1,1 млн-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді деген болжам бар.

Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР