2024-03-29 17:23:44
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент қалалық халықты Жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қалалық халықты Жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы тағайындалды
Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.у.а Е.Бекмұратовтың бұйрығымен 2021 жылдың 6 мамырынан бастап, «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ-нің директоры болып Абдуллаев Сұңғат Нұржанұлы тағайындалды.
Абдуллаев Сұңғат Нұржанұлы 1988 жылы 26 қыркүйек күні Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2006-2010 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қаржы» (бакалавриат), 2014-2015 ж.ж. «Мирас» университеті «Қаржы» (магистратура) мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007-2012 жылдары аралығында «НК Групп», «Орта несие», «Арнур кредит» , «Оңтүстік-финанс» ЖШС МКҰ-да несие бөлімінің басшысынан бастап, несиелеу департаментінің директоры,
2012-2013 ж.ж. «Ынтымақ-құрылыс» ЖШС-нің бас директоры;
2013-2015 ж.ж. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ҰК Инвестициялық жобаларды іске асыру департаментінің бас менеджері;
2015-2017 ж.ж. «Көлік-логистикалық аймақ» басқарушы компаниясы» АҚ бас директоры;
2018 ж. «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқару компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары;
2019ж. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақты басқарушы компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы;
2019-2020 ж.ж «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2020-2021 ж. «SAMRUK-2020» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР