2022-09-27 20:59:48
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларында жаңа тағайындаулар

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Закария Есболатұлы Тұралиев Ұлытау облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Citynews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Закария Есболатұлы 1967 жылы 3 маусымда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылығы институтын, 2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тәмәмдаған. Мамандығы: мемлекеттік және жергілікті басқару, орман шаруашылығы инженері.

1998 – 2001 жылдары орманшы, шебер және  орман қорғау инженері, «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», БҚО.

2001-2022 жылдары Орман шаруашылығы және орманды жандандыру жұмыстары бойынша директордың орынбасары, «Батыс Орманы» РМК

Әр жылдары БҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Шыңғырлау, Тайпақ, Орал, Ақжайық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің директоры қызметтерін атқарған.

2015 жылдан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметінде болды.

2022 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Мейрембеков Қайрат Амангелдіұлы Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.

Мейрембеков Қайрат 1964 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Сібір орман техникалық институтын, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, мамандығы орман шаруашылығы инженері, экономист.

1981 жылдан 2001 жылға дейін — мемлекеттік, коммерциялық және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеді.

2001 жылдан 2007 жылға дейін — ҚР АШМ Орман, балық және аң шаруашылығы комитетінің бас маманы.

2007 жылдан 2014 жылға дейін — бөлім, басқарма басшысы, ҚР АШМ, ҚОСРМ табиғи ресурстар департаменті директорының орынбасары.

2014 жылдан 2022 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас кеңесші, бас инспекторы.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Мақсат Елемесов Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

Мақсат Мұратұлы 1975 жылы 15 ақпанда Семей облысы Бесқарағай ауданы Большая-Владимировка ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Орман және бақ-саябақ шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын Шығыс қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Канонерка орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнында жұмысшы болып бастады.

1994-1998 жылдары Канонер орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорынында орманды күзету және қорғау жөніндегі инженері, коммерциялық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары,

1998-2004 жылдары Бегенев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің бас орманшысы, директор орынбасары,

2004-2008 годы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті бас маманы, бөлім басшысы, 2009-2013 жылдары «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің бас директоры, 2013-2020 жылдары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР