2024-04-20 08:44:23
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан қаласына келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев Twitter парақшасында жазды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан қаласына сапар барысында түркі әлемінің астанасында бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысты. Кешенде иілген 21 қанатты көруге болады. Бұл Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған.

Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған.

Сондай-ақ Елбасы «Тұңғыш Президент саябағын» абаттандыру нәтижелерімен және «Яссы» ботаникалық бағының даму жоспарларымен танысты.

Сонымен қатар, Н.Назарбаевқа «Күлтөбе қалашығы» археологиялық саябағын құру жөніндегі жобаны іске асыру барысы таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР