2024-04-28 19:21:05
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ердоған жаңа министрлер кабинетін таныстырды

Ердоған жаңа министрлер кабинетін таныстырды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жаңа министрлер кабинетінің құрамын жариялады, деп хабарлайды Citynews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Анкарадағы Чанкая резиденциясында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мемлекет басшысы Түркия үкіметінің жаңа құрамын таныстырды.

Президент Ердоған «Түрік ғасырындағы мақсаттарымызға жету үшін бірге жұмыс істейтін жаңа министрлер кабинетін сіздерге ұсынамын» деді.

Ердоған жаңа министрлер кабинетін таныстырды

Министрлер кабинеті мынадай құрамда құрылды:

  • Түркияның жаңа вице-президенті болып Джевдет Йылмаз тағайындалды.
  • Әділет министрі – Йылмаз Тунч
  • Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі – Махинур Өздемир Гөкташ
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Ведат Ишихан
  • Қоршаған орта және урбанизация министрі – Мехмет Ожасеки
  • Сыртқы істер министрі – Хакан Фидан
  • Энергетика және табиғи ресурстар министрі – Алпарслан Байрактар
  • Жастар және спорт министрі – Осман Ашқын Бақ
  • Қазынашылық және қаржы министрі – Мехмет Шимшек
  • Ішкі істер министрі – Али Ерликая
  • Ұлттық білім министрі — Юсуф Текин
  • Ұлттық қорғаныс министрі – Ясар Гүлер
  • Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа
  • Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой
  • Индустрия және технология министрі Мехмет Фатих Качир
  • Ауыл және орман шаруашылығы министрі – Ибрагим Юмакли
  • Сауда министрі – Өмер Болат
  • Көлік және инфрақұрылым министрі – Абдулкадир Уралоглу
  • Президент Ердоған Түркияның жаңа үкіметіне сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР