2024-04-20 11:35:11
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ақ үй Украинаның НАТО-ға кіруге деген ұмтылысы туралы пікір білдірді

Ақ үй Украинаның НАТО-ға кіруге деген ұмтылысы туралы пікір білдірді
Фото: REUTERS/Erin Scott

Киев бірнеше рет НАТО-ға кіруге ниет білдірді, бірақ бұл мәселе бойынша соңғы шешімді Альянстың барлық мүшелері қабылдауы керек. Бұл мәлімдемені 6 сәуірде брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки жасады.

НАТО-ға кіруі туралы келіссөздер бірнеше жылдан бері Украина мен АҚШ арасында жүріп жатқанын Джен Псаки атап өтті.

«Біз Украинаны толық қолдаймыз, біз олармен тұрақсыздандырушы әрекеттерге қалай қарсы тұру жолында жұмыс істейміз, бірақ бұл шешім НАТО-да қалады», — деді Ақ үйдің өкілі Twitter арқылы тараған брифингте.

Осы күні Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен телефон арқылы сөйлескен кезде Донбастағы қақтығысты шешу жолы Украинаның Солтүстік Атлантикалық одаққа кіруі арқылы орындалады деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР