2024-07-27 09:04:51
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Америка 125 мың босқынды қабылдауға дайын

Америка 125 мың босқынды қабылдауға дайын

АҚШ президенті дүниежүзілік босқындар күнінде мәлімдеме жасады.

АҚШ «Босқындарды қабылдау бағдарламасын» қайта құру үшін күш салып жатқандарын айтқан Джо Байден: «Америка келесі жылы 125 мың босқынды қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл соңғы 30 жылда жетпеген көрсеткіш» деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақ үй таратқан мәлімдемеге сүйенсек, әлемде 110 миллион адам ыстық ұясын тастап кетуге мәжбүр және бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш көрінеді.

Байден әлемнің түкпір-түкпірінен зорлық-зомбылық пен қысымнан қашқан босқындарға құшақ жаятындарын айтып, оларға қамқорлық жасайтын ұйымдарға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз деді.

Бүгінде Сирия, Венесуэла, Ауғанстан, Ресей-Украина соғысы, Сомали және Оңтүстік Судандағы ішкі толқулар салдарынан мыңдаған адам өз отанын тастап, басы ауған жаққа кетіп жатыр. Американың сыртқы істер министрі Энтони Блинкеннің айтуынша, АҚШ 1975 жылдан бүгінге дейін 3,5 миллионнан астам босқынды тұрақты түрде қабылдаған.

«Біз қуғын-сүргіннен қашуға мәжбүр болған миллиондаған босқынның батылдығы мен төзімділігін, оларды қабылдаған қауымдастықтардың мәрттігін және қолдау көрсетіп келе жатқан гуманитарлық серіктестердің жаһандық жауабын бағалаймыз», — деді Блинкен.

Министрдің айтуынша, АҚШ-тың босқындарды орналастыру бағдарламасы қайтадан құрылып, жаңартылып жатыр. Әрі осы тұрғыда «Welcome Corps» атты бағдарлама бастаған.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, АҚШ 2022 жылы 25 мың 465 босқынды қабылдаса, бұл көрсеткіш 2021 жылы 11 мың 411-ді құраған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР