2024-11-23 23:39:08
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте автомобиль жолдарын жақсарту жұмыстары қарқын алды

Шымкентте автомобиль жолдарын жақсарту жұмыстары қарқын алды

Шымкентте автомобиль жолдары саласын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Биыл 134 жаңа нысан құрылысын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, құрылыс және қайта жаңарту – 6, орташа жөндеу бойынша – 128 нысан.

Қазіргі таңда 99 нысан бойынша мердігер мекемелермен келісімшарттар түзілген. 1 нысанда жеңімпаз анықталып, келісімшарт түзу жұмыстары жүргізілуде.

Қалған 34 нысанға 2021 жылғы наурыз айында өткен бюджетті нақтылау кезінде қаржы бөлінген. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айында келісімшарт түзіліп, шілде айында жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жалпы 168 нысанда орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, биыл қайта жаңарту – 5, күрделі жөндеу – 4, оң жақ өткел салу – 8 және орташа жөндеу бойынша – 138, жалпы 155 нысан құрылысы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР