2024-04-26 17:36:20
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жұмыссыздықпен күрес нәтижелі жемісін беруде

Жұмыссыздықпен күрес нәтижелі жемісін беруде

Шымкент қаласында жұмыссыздық деңгейі 5.1 пайызды құрайды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сәйкес бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін 5 пайызға төмендету жоспары тұр.

Бүгінгі таңда мегаполисте 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамту жөніндегі ұлттық жоба аясында жұмыссыздықпен күрес жүргізіліп жатыр. Ол бойынша қоғамның барлық саласында жаңадан жұмыс орындарын ашып, жұмыс таппай жүрген азаматтарды еңбекке араластыру көзделіп отыр. Рейтингке сәйкес жұмыссыздық деңгейін азайтуға қатысты индикаторлардың орындалуы жағынан Шымкент қаласы республиканың өңірлері арасында үшінші орынға жайғасты. Елге оралған қандастарды бейімдеу көрсеткіші де мегаполисті аймақтар ішінде алға сүйреп отыр.

Ресми статистикаға сәйкес Шымкентте 22546 адам жұмыссыздар қатарында болса, халықты жұмыспен қамту орталығының базасында 11484 азамат тіркеуде тұр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, халықты еңбекке тарту бірнеше бағытта жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, орталық тіркеудегі азаматтарға субсидияланатын, яғни айлық жалақысы мемлекет тарапынан төленетін жұмыс орындарын ұсынады. Оған Жастар практикасы, Қоғамдық жұмыстар, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты, Күміс жас, Әлеуметтік жұмыс орындары секілді жобалар кіреді. Соның ішінде Жастар практикасына төленетін еңбекақы мөлшері биылдан бастап 25 АЕК-тен 30 АЕК-ке, яғни 91 мыңнан астам теңгеге көтерілсе, өту мерзімі де 6 айдан бір жылға ұзарған. Бүгінгі таңда Жастар практикасымен 1521 жас жұмысқа тартылып отыр.

Айта кету керек, халықты жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке тарту Ұлттық жобасының талабына сәйкес жұмыс берушілер қоластында уақытша еңбек етіп жүрген азаматтардың кемінде 55 пайызын тұрақты жұмысқа алуға міндетті. Сонымен бірге Алғашқы жұмыс орны жобасының айлық жалақысы да 20-дан 30 АЕК-ке өсті. Осы жобамен жұмысқа жолданған жастар 18 ай тұрақты еңбек етіп, тәжірибесін шыңдайтын болады. Қалада 244 жас Алғашқы жұмыс орны жобасы арқылы нәпақасын айырып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР