2023-04-01 04:08:00
14.3 C
Shymkent

Көп қаралғандар

Жұмыспен қамту орталықтары қаланың әр ауданында бар

Мегаполисте атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны жылдан-жылға азайып келеді. Жауапты мекеме басшысының айтуынша, ол азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастырудың арқасында мүмкін болып отыр. Осы тұста айтып өткен жөн, жалпы мемлекеттің ұстанып отырған әлеуметтік саясаты біреу ғана. Ол халықты масылдықтан арылтып, кәсіпкерлікпен айналысуға, біреуге алақан жаймай өз күнін өзі көруге ұмтылдыру. Сандарды сөйлетсек, табысы күнкөріс деңгейінің кедейлік шегінен төмен 11 988 адамға биылғы жылдың І тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, ІІ тоқсанда осы көмекке мұқтаж аз қамтамасыз етілгендер саны 8964-ке азайған. Атаулы әлеуметтік көмектен бөлек сәби жастағы балалары бар отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер беріліп тұрады.

Сонымен Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының биылғы 6 айдағы көрсеткішіне үңілсек, 57 мыңнан астам адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету көзделсе, бүгінге дейін 30 мыңнан жоғары азамат жұмыспен қамтылып үлгерді.

Ал, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде осы жылы 33 500 адамды жұмыспен қамту, оның ішінде 20 мыңнан көп тұрақты, 8 мыңнан аса уақытша жұмыс орындарына орналастыру белгіленіп отыр.

Жалпы, Шымкент қаласы азаматтарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру бағытында республикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарда екенін айттық. Мәселен, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адамды жолдау жоспарланса, бүгінде 123 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни, жоспар 136,7 пайызға артығымен орындалды.

Бүгінгі таңда қалада жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында мүмкіндігінше жайлы жағдай қарастрылған. Мәселен, мегаполистің 4 ауданында да жұмыспен қамту орталығының бөлімшелері жұмыс істейді. Тұрғылықты жердің азаматтары өздеріне қарасты бөлімшеге барып, жұмыспен қамту шараларының тисті қызметтерін толықтай ала алады. Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына 27 мыңнан астам адам жүгінген. Олардың көпшілігі уақытша жұмыс орындарына жолданды. Келешекте барған жерінде штаттық кестеге сай жұмысқа алыып жатса, орталық базасында тұрақты жұмысқа орналасқандар есебіне кіргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР