2024-03-04 12:48:45
2.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жол сапасы бойынша 22 мекемеге айыппұл салынды

Жол сапасы бойынша 22 мекемеге айыппұл салынды

Шымкентте жол сапасы бойынша 22 мердігер мекемеге 3141,4 мың теңге айыппұл салынған. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов баспасөз брифингінде мәлімдеді.

–2023 жыл қорытындысымен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелеріне шара көру туралы Шымкент қаласы орта сапаны бақылау басқармасына 28 хат жолданған болатын. Сондай-ақ мекемелердің келісім-шарт талаптарын орындамауы бойынша 22 мекемеге 3141,1 мың теңге айыппұл салынды. Яғни мердігер мекемеге 2 310, 6 мың теңге, техникалық қадағалаушыларға 731,8 мың теңге, жобалаушы мекемеге 99 мың теңге айыппұл салынып, толығымен өтелді. Күрделі және орташа жөндеу жұмыстары бойынша 233,8 шақырымды құрайтын 255 нысанға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 222,0 шақырым 246 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалған 11,8 шақырыммен 9 нысан 2024 жылға өтпелі, – деді Ролан Бекмағамбетұлы.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала аумағында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің үлесі 71,2 прайызға жеткен. Сондай-ақ басқарманың ескертуімен сапасыз орындалған 504 м2 асфальтобетон қабаты, 600 метр аяқжолдар бұзылып, қайта салынған. Брифинг барысында ҚР Көлік министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков орталық тарапынан төселген асфальттың нығыздығы мен сапасы қатаң тексерілетіндігін айтып өтті.

–Шымкент қаласының автомобиль жолдары мен көшелерінің құрылысы кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау барысында 258 нысанның 233-ін қамтыдық, бұл 90 пайызды құрайды. Құрылыс және қайта құру объектілері толық қамтылған және ерекше бұзушылықтар мен ақаулар анықталған жоқ. Жұмыс пен материалдардың сапасына іріктелген бақылау жүргізілді. Бұл ретте 272 ақаулар мен бұзушылықтар анықталды. 120 нысанда өзектер (керндер) іріктеліп алынып, олардың нәтижесі бойынша 78 нысанда сәйкессіздік анықталды. Осыған орай тапсырыс беруші кепілдік мерзімін ұзарту жөнінде шаралар қабылдап, 24 миллион теңгеге тығыздау және қайта салу жөнінде іс-шаралар жүргізді – деді М.Дүйсембеков.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР