2024-04-23 20:04:40
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жол саласында 5 ірі нысан пайдалануға беріледі

Жол саласында 5 ірі нысан пайдалануға беріледі

2021-2025 жылдарға бекітілген іс-шара жоспары аясында әр жыл сайын 200 шақырымнан аса жол орташа жөндеуден өтеді.

Қала орталығындағы магистралды көшелер мен шалғай мекендерді қоса алғанда биыл 187 нысан, 350 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек.

Биыл жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы ауқымды 5 нысан пайдалануға беріледі.

Атап айтқанда:

  1. Қонаев даңғылының жалғасын салу, 3 кезең бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, биыл шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 90 пайыз жұмыстар атқарылды.
  2. А-2 автомобиль жолының 2 кезеңі бойынша сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізіліп, жұмыстың 50 пайызы орындалды.
  3. Самал-1,2,3 шағын ауданының магистралды және қалаішілік көшелеріне 12,2 шақырым жол салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бүгінде жұмыстың 95 пайызы іске асырылды.
  4. Рысқұлов -Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрығын салу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстың 90 пайызы бітті.
  5. Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолаушылар өткелін салу жұмыстары бүгінде 90 пайызға аяқталды.

Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 38 мердігер ұйым жұмылдырылды. Ал, 61 көшенің жол жұмыстарын жүргізетін мердігер мекеме анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Осы тұста айта кету керек, Шымкент-Ташкент тас жолына қосылатын Қонаев даңғылының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталмыш құрылыстағы ең күрделі кезеңнің бірі – бірінші және екінші кезеңдер болды. Құрылыстың   ІІ-ші бөлігінде 89 нысан мемлекет меншігінге өтті. жол түсетін аумақта тұратын азаматтар сүрілетін ғимараттарға бағалау жұмыстары жүргізілген соң тиісті өтемақыларын алды.

2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінгі таңда  ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды. Қалған 72 нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтау жоспарланып отыр. Оның ішінде магистарльді 10 көше (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев) бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР