2024-05-15 08:07:17
22.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жастар картинг спортынан жарысты

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және «Rafe» ресторан басшысының қолдауымен Шымкент қаласында алғаш рет картинг спорттық жарысы өтті. Аталған іс-шара «Jas Team Kart» жобасы аясында ұйымдастырылды.

«Sport Villa» ойын-сауық кешенінде өткен турнирге жоғары оқу орындарынан 35 өкіл қатысты.

Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ұлжан Төленнің айтуынша, жарысты ұйымдастырудағы мақсат – студент жастардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану, спортпен шұғылдануға жол ашу, олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыруға және спорт саласын жастар арасында кеңінен насихаттау.

— Қазіргі студенттердің сабақтан тыс уақытта спортпен айналысуға мүмкіндігі болмай жататынын аңғардық. Осыған байланысты оларды спортқа тартып, уақытын тиімді пайдалану мақсатында көптеген спорт түрін ұйымдастырудамыз. Соның бірі бүгінгі «Jas Team Kart» жобасы аясында өткен картинг спорттық жарысы. Аталған жоба жастардың көңіл күйін көтеріп қана қоймай, денсаулығын да нығайтатыны анық. Осындай ойынға демеушілік көрсеткен «Sport Villa» ойын-сауық кешені мен «Rafe» ресторан басшысына өз алғысымызды білдіреміз, — деді ол.

Тартысты өткен картинг спорттық жарысында 7 команда өзара сайысқа түсті. Ойынның шарты бойынша қатысушылар 3 айналымды еңсеріп, 5 минутта мәреге жетуі керек.

— Бүгінгі картинг спорттық жарысына ОҚМПУ студенттерінің арасынан команда жасақтап келген болатынбыз. Осындай керемет жарысқа бірінші рет қатысып, сайысқа түстік. Ойын барысында жаңа достар тауып, спорт саласына өз үлесімізді қостық деп ойлаймын. Тартысты ойынға қатысуымызға мүмкіндік берген Жастар ресурстық орталығына студенттердің атынан алғыс айтамын, – деді ОҚМПУ студенті Бақберген Мұратұлы.

Жарыс жолында жүлдеге таласып, нағыз ойын көрсеткен шеберлер қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы М.Исаховтың арнайы диплом және кубоктарымен марапатталса, қалған қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық іс-шаралар мұнымен тоқтап қалмайды. Алда уақытта әлі көптеген ойын түрлерін өткізу жоспарланып жатқанын атап өтті.

⁣⁣

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР