2022-09-28 02:31:07
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жалға алынатын тұрғын үйді субсидиялауға 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 221 азаматпен «Отбасы банк» арасында келісім шарт түзіліп, жалдау ақысының 50%-ы мемлекет тарапынан аударылды.

Осыған байланысты тұрғын үй басқармасы мен “Отбасы банк” өкілдері бірлесе Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үй субсидиясы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бағдарлама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегіне тіркелген 1 және 2 топтағы мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар субсидия алуға өтінішті otbasybank.kz платформасында бере алады.

Өтініш берушінің соңғы 6 айға отбасыдағы адам басына шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ = 37 389 теңге). Өтініш беру үшін ЭЦҚ-сы болуы қажет.

«Алдымен жалға берілетін тұрғын үйдің ауданын тексереміз. Ол рұқсат етілген ауданнан үлкен немесе кіші ме? Егер үлкен болса, онда ең үлкен рұқсат етілген аудан бойынша, ал кіші болса, онда нақты белгіленген аудан бойынша есептейміз. Нәтижесінде шыққан жалдау ақысын келісімшартта көрсетілген жалдау ақысының сомасымен салыстырып, субсидияны есептеу үшін кішісін таңдаймыз, содан кейін екіге бөлеміз» дейді мамандар.

Мәселен, саны 1-ден 3-ке дейінгі отбасы мүшелері үшін — 40 ш. м., 4-тен 5-ке дейін -60 ш. м., 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін — 80 ш.м-дан артық болмау керек.

Егер тұрғын үй үлкен болса, онда айырмашылықты жалға алушы өзі төлейді.

Азаматтар субсидиялауға қатысты сұрақтар бойынша Шымкент қ., Бейбітшілік 3 мекен жайында орналасақан “Аманат” партиясының 1-ші қабатындағы “Отбасы банк” кеңесшілеріне жүгіне алады.

Айта кету керек, Қазақстандық отбасылар жалға берілетін тұрғын үй өздері іздейді. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторларды ескеру қажет.

Өтініш беруші жеке тұрғын үй қорынан жалға алып отырған баспананың 1 ш.м. жалдау ақысы АЕК-тің жылдық деңгейінің облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мен астананың коэффициенттері негізінде есептеледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР