2024-03-28 21:47:12
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ЖАЙНА ШЕКЕРБЕКОВА — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатына Шымкент қаласының спортшылары да аттанған болатын. Бүгін әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде жерлесіміз Жайна Шекербекова кезекті рет құрлық чемпионатының жеңімпазы атанды.

54 келіде бақ сынаған Ж.Шекербекова жартылай финалда Тайвань елінің спортшысынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Бүгін финалда тайландтық Жутамас Житпонгты 5:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Ал 66 келіде Мадина Нұршаева Азия чемпионатының қола жүлдесін иемденді.

Жайна Шымкентте жаттығады (жаттықтырушы — Виктор Ничай). Жайна үшін ең күрделі бастау сәті Азиада-2009 болды және де сол сәтте Жайна жеңіс тұғырынан бір қадам жақын болды. Қазақстан чемпионы (2013, 2014).2013 жылы Феликс Штаммның (Польша) рухына бағышталған халықаралық турнирді жеңіп алды. Азия чемпионы (2010). Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014).

2016 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Жеңіп алған марапаттар Жайнаға Олимпиада – 2016-ға жолдама (лицензия) алуға көмектесті. Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға қатыса отырып, ширеқақтық сайыста 2008 жылғы әлем чемпионы француздық Сара Урамунға жол береді. Жайна лайықты қарсылық көрсете алмайды және сайыстан шығып қалады.

2017 жылғы Қазақстандағы чемпионатта финалда Назым Қызайбайдан күші кем түседі және Вьетнамдағы 2017 жылғы Азия чемпионатына дайындық үшін Қазақстан құрамасының құрамына кірмей қалады.

Халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері. Үндістандағы әйелдер арасындағы бокстан 10-шы әлем чемпионатында, финалдық жекпе-жекте, 24 қараша 2018 жылы, Жайна кореялық спортшы Пан Чол Мимен кездеседі, одан 0:5 ұпаймен жеңіліп, чемпионатты екінші орын күміс медальмен аяқтайды.

Бокстан әлем чемпионатында Жайна Шекербекова (52 кг дейін) таиландтық Джутамас Джитпонгтан жеңіліп қалды. Қорытынды есеп 1:4. Жайна Түркиядағы бәсекенің қола медаліне ие болды.

Ол ширек финалда Италия намысын қорғайтын Олеся Савчуктан, 1/8 кезеңде жапониялық Киношита Ринкадан, 1-ші кездесуінде Пуэрто-Рико өкілі Мелоди Варгастан айласын асырған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР