2026-06-05 18:36:02
27.1 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру кездесуі өтті

«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында Әл-Фараби аудан прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №69 мекемесінде сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында сотталғандарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі, қайта қылмыс жасаудың құқықтық салдары және оның жауапкершілігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда жаза түрі мен мерзімінің қатаңдатылатыны, бұл өз кезегінде олардың құқықтық жағдайына кері әсер ететіні атап өтілді.

Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық түсіндірулер берілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу және олардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру.

Аталған бағыттағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР