2024-06-15 07:13:14
18.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Залалсыздандыру жұмыстарына 6 бригада жұмылдырылды

Залалсыздандыру жұмыстарына 6 бригада жұмылдырылды

Қала аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларының алдын алу, жануарларды, үй-жайлар және өзге де аумақтарды жәндіктерден қорғау мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазіргі таңда саябақтардың 589 150 шақырымы, гүлзар мен аллеялардың 142 670 шақырымы, 430 000 шақырым өзен-каналдың аумақтары масаға қарсы залалсыздандырылды. Сонымен қатар, мамандар 136 800 шақырым өзен-канал аумағы кеміргіштерге қарсы, 434 536 шақырым қоражай мен оларға жапсарлас аумақтарды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бұл жұмыстарға 6 автокөлік (бүркуіш аппараттарымен), 6 бригада жұмылдырды.

Атап айтқанда, биыл кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде 37 өзен-канал, 11 саябақ, 38 гүлзар мен аллеяларды дезинсекциялау жоспарда тұр.

Кеміргіштерге қарсы – 1 609 740 шақырым өзен жағалаулары, суару каналдары және 16 752 шақырым қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары;

Масаларға қарсы – 1 355 200 шақырым өзен-канал, 2 481 650 шақырым саябақ, 855 064 шақырым гүлзар мен аллея аумақтары;

Кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша – 1 950 000 шақырым қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 2 046 714 шақырым саябақ мен гүлзарлар, 375 750 шақырым ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсызданрылса, 95 299 бас ірі қара малдарды бүрку және 88 030 бас уақ малдарды тоғыту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР